Айтыскер ақын, медиа-менеджер, ағартушы тұлға Мұхамеджан Оразбайұлы Тазабек 1975-жылы, 3-шілдеде Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Шахан ауылында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі.
- 2007-2021-жж. «Асыл арна» телеарнасының бас директоры,
- 2021-2024-жж. бұрынғы «Асыл арна», кейінгі «Talim TV» ағартушылық телеарнасының бас директоры қызметін атқарған.
Қазір әлеуметтік желілерде отбасы құндылығы, қарым-қатынас мәселесі, тұлғалық даму жөнінде насихаттар жүргізіп жүр.
Марапаттары мен атақтары:
- 1996: Қазақстан Жастар Одағының Сыйлығы.
- 1998: ҚР Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығы.
- 2014: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
- 2018: ҚР Ақпарат министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі.
- 2021: «Парасат» ордені.
Отбасылық жағдайы:
Үйленген, 4 қыз, 2 ұлдың әкесі.